USD
USD
USD

Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев ОКҚ алаңында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу туралы баяндады.

Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Биылғы іріктеудің ерекшелігі – іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі.

«Іріктеу 6 негізгі сала бойынша жүзеге асырылады: инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат; цифрландыру; әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам. Үміткерлермен әңгімелесуді міндетті түрде салалық орталық органдар өкілдерінің қатысуымен өткізу тәжірибесі енгізілуде», - деді спикер баспасөз конференциясында.

Талаптарға сәйкес, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қыркүйек - желтоқсан аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты