USD
USD
USD

Қазақстанда Pfizer-дің қанша дозасы бар?

   ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде Pfizer вакцинасының қанша дозасы бар екенін айтты. 

Қазақстанда Pfizer-дің қанша дозасы бар?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанға 379 мың доза мөлшерінде Сomirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясы келіп түсті. Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға дейін жоспарланған. Вакцинация республиканың 7 өңірінде басталды. Олар Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалалары. Бүгінгі күні 13 бала мен 247 жүкті және бала емізетін әйел екпе алды», - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Pfizer вакцинасын алғысы келетін халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін ақылы нарыққа жеткізуді ұсынды. «ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметіне COVID-19-ге қарсы Comirnaty (Pfizer) вакцинасын халық қалауы бойынша коммерциялық нарық сегментіне шығару ұсынылды. Қолдауларыңызды сұраймын», - деді Алексей Цой. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе