USD
USD
USD

Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдыра алатындар тізімі кеңеюі мүмкін

Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын  салдыратын азаматтардың тізімі кеңейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдыра алатындар тізімі кеңеюі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Біз түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Қазір МАБ аясында шешім әзірленіп жатыр, мүмкін, біз оны осы аптада жариялаймыз. Басқа санаттағы азаматтар осы вакцинаны алуы немесе қайта салдыруы мүмкін", - деді Асқар Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Еске салайық, Қазақстанда Pfizer вакцинасын тек жүкті, бала емізетін және 18 жасқа дейінгі балаларға салу жоспарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе