USD
USD
USD

Қазақстанда педагог даярлайтын ЖОО-лар азайды

Педагогтерді даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін қысқарды.

Қазақстанда педагог даярлайтын ЖОО-лар азайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалпы педагогикалық бағыттар бойынша лицензияға 138 қосымша қайтарылды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы болашақ педагогтерді даярлау сапасын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын, деп еске салады ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Соңғы екі жылдың ішінде министрлік жоғары оқу орындарына білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін түрлі мүмкіндіктер жасады. Мәселен, биыл қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы жоғарылап, жұмыс істеп жүрген және тәжірибесі мол мамандарды барынша жұмысқа тартуға заң жүзінде рұқсат етілді. Сонымен қатар жыл басынан бері ҚР БҒМ еңбек нарығының заманауи сұраныстарына бейімделген 300-ден астам білім беру бағдарламасын әзірледі. Академиялық дербестік беріліп, түлектерді сертификаттау жүйесі енгізілді.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net