USD
USD
USD

Қазақстанда парольдерді оқитын хакерлік бағдарлама тарап жатыр

Мемқызмет алу туралы сұрау салуға қол қою үшін  NCALayer-ді орнату қажет.  Мемлекеттік техникалық қызмет ашқан кезде NCALayer-ге арналған жаңарту ретінде «Trojan Downloader» түріндегі зиянды бағдарлама жүктеліп, іске қосылатын (hxxps://ncalayer.info/update.php) фишингтік интернет-ресурсты анықтады. 

Қазақстанда парольдерді оқитын хакерлік бағдарлама тарап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері хабарлады. 

«NCALayer-ді жаңартатын бағдарлама ретінде ұсынылатын ресурс жүктелген соң «Trojan Downloader» вирусын таратады. Сол арқылы қолданушының құрылғысына зиянкес бағдарлама орнатылады. Соның салдарынан ақырында қаскөйлер пернетақтада терілген ақпаратты, парольдерді оқи алады. Тіпті құрылғыға тысқары қосымшалар да орната алады», - деді мемлекеттік техникалық қызмет. 

Бұл зиянды бағдарламаның ерекшелігі оның кейлоггер, деректерді ұрлау, компьютерді қашықтан жасырын басқару (VNC), сондай-ақ веб-камераны басқару функцияларын орындай алады. Олардың зиянкестің пернетақтада терілетін акқпаратты оқуға, парольдерді, с.і. браузерлерден  көруге, сондай-ақ сыртқы қосымшаларды орнатуға мүмкіндігі бар.

«Мұндай бағдарламалар сіздің жеке ақпаратыңызға қауіп төндіретіндіктен, оларды жүктемеуге, орнатпауға және күдікті сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береміз», - деп ескертті мамандар. 

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов