USD
USD
USD

Қазақстанда өткен аптада қанша қылмыс тіркелді?

1 апта ішінде еліміздің аумағында 3 мың қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

Қазақстанда өткен аптада қанша қылмыс тіркелді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бір апта ішінде елде 3004 қылмыс жасалды. Оның 2055-і тәулік ішінде ашылды», - деді ол ҚР ІІМ баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Шұғыла Тұрлыбектің дерегінше, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 11 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, бір қарақшылық, 44 тонау және 489 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.

Сонымен қатар ол «Қазақстан Республикасы Ішкі істерминистрлігінің үздік тергеушісі, анықтаушысы және криминалисі» байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өткізілгендігін атап өтті.

«Байқау нәтижесінде өз санаты бойнша мына қызметкерлер үздік шықты: Ақмола облыстық ПД аға тергеушісі Арман Қожахметов, Қызылорда облыстық ПД Жаңақорған бөлімінің аға анықтаушысы Бақытжан Әбжалов және Жамбыл облыстық ПД-нің криминалисі Ержан Өтебаев», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе