USD
USD
USD

Қазақстанда өсірілетін қарақұмықтың жартысына жуығы Павлодар облысында егіледі

Павлодар облысында егіс алқаптары әртараптандырылып жатыр. Атап айтқанда, биыл онда күнбағыс пен қарақұмық отырғызылды. Қарақұмық дақылдары 42 мың гектарға себілген. Бұл Қазақстанда егілген қарақұмықтың 44% құрайды. Мұны Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қазақстанда өсірілетін қарақұмықтың жартысына жуығы Павлодар облысында егіледі
Фото: NEGE.kz

– Биыл ауылшаруашылық дақылдары егілген алқап 6 пайызға өсіп, 1,5 миллион гектардан асты. Біз агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуеті арқылы аймақтық экономиканы әртараптандыруды жалғастырамыз. 2025 жылға дейін осы бағыттағы инвестициялық пулға кіретін 46 жобаның құны 230 миллиард теңге. Оның жартысынан астамы биыл іске асырылады, – деді Ә.Сқақов облыстағы көктемгі жұмыстарының аяқталуы жөнінде.

Мәселен, биыл облыста алты сүт фермасын іске қосу жоспарланып, олар сүт өндірісін 19 мың тоннаға немесе 5% арттыруы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек