USD
USD
USD

Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға жаза қарастырылады

Ішкі істер министрлігі тасжолда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жаза қарастыратын өзгерістер дайыдап жатқанын растады.

Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға жаза қарастырылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Сонымен қатар, қазір Ішкі істер министрлігі қала маңындағы жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастыратын түзетулер әзірлеп жатыр", - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев. 

Бұған дейін БАҚ-та Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға айыппұлды заңдастыру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Қазақстан стандарттау және метрология институты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске "орташа жылдамдық" ұғымын енгізу жобасын дайындады.

Құжатты жаз аяғына дейін қабылдау керек. Бастапқыда, орташа жылдамдықты қала сыртындағы тасжолда өлшеп, кейін қаладағы камералар да бақылайды. Орташа жылдамдықты асырғаны үшін қандай айыппұл салынатыны әлі белгісіз.

2019 жылғы шілдеде сол кездегі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елді мекеннен тысжолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершілік енгізуді ұсынған еді.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу