USD
USD
USD

Қазақстанда орташа айлық жалақы қанша?

Қазақстанда орташа айлық жалақы 212035 теңгені құрады, деп хабарлайды Статистика комитеті.

Қазақстанда орташа айлық жалақы қанша?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2020 жылғы ІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 212035 теңгені құрады.

Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 113,7%, ал нақты жалақы индексі 106,5% құрды.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 443,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 386,8мың теңге (1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 326мың теңге (1,5 есеге асты),ақпарат және байланыс саласында – 273,2мың теңге (1,3 есеге асты), көлік және жинақтау саласында – 233,6 мың теңге (1,1 есеге асты) белгіленді.

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 127,3мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 40%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 386,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады.

Қазақстан облысында мұның шамасы 159,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 24,9%-ға төмен.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы тамызда өтеді

Тоқаев

Айбек Оралбай – 3 дүркін Азия чемпионы

Айбек Оралбай

Санкциялық яхталар, хром және ескі қазақстандық схема: Йылдырымдар туралы оқиғаның екінші бөлімі

Йылдырым

Үш отандасымыз бокстан Азия чемпионы атанды

Нұрбек Оралбай