USD
USD
USD

Қазақстанда нотариустардың кеңестері eGov Mobile арқылы онлайн форматта қолжетімді болды

Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп eGov Mobile мобильді қосымшасында «Нотариаттық онлайн консультация» сервисі енгізілді. 

Қазақстанда нотариустардың кеңестері eGov Mobile арқылы онлайн форматта қолжетімді болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, сервис білікті заңгерлік көмекке мұқтаж адамдар үшін тиімді құрал болмақ.

«Онлайн-кеңес беру арқылы азаматтар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ нотариаттық қызметке байланысты құқықтық сұрақтарға жауап ала алады. Нотариустар кез-келген сұрақтарға жауап береді. Бұл уақытты үнемдеуге және уақтылы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті вице-министр.

Жобаның мақсаты – нотариаттық қызмет көрсетудің ыңғайлылығын, жеделдігі мен тиімділігін арттыру. Қызметті алу үшін «eGovMobile» қосымшасына кіру керек. Е-нотариат бөлімінде «Онлайн кеңес алу» қызмет түрін таңдап, өтінімді толтыруыңыз қажет. Кеңес алу үшін бейне қоңырау арқылы қажетті сұрағыңызды қоясыз; Банктердің мобильді қосымшалары арқылы нотариустың қызметіне 1 АЕК мөлшерінде төленеді.

Қазір оқып жатыр

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев