USD
USD
USD

Қазақстанда несиенің ең жоғары сомасына шектеу енгізіледі

Қазақстанда тұтыну несиесінің ең жоғары сомасына шектеу қойылмақ. Бұл туралы Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржы сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы Парламент тыңдауында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстанда несиенің ең жоғары сомасына шектеу енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазір қомақты сомада тұтыну несиесін қарқынды түрде беру үрдісі байқалып отыр. Біріншіден, тұтыну несиесінің өсуіне халық сұранысының артуы да әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда тауарларға қарызды бөліп төлеуге сұраныс көбейген, сондай-ақ тұтыну несиелерін кәсіпкерлік мақсатта пайдалану да артқан. Осының салдарынан кепілсіз тұтыну несиелері бойынша орташа қарыз жыл басындағы 913 мың теңгеден қазір 1 миллион теңгеге дейін жетті», – деді М. Әбілқасымова.

Оның сөзіне қарағанда, 5 млн теңгеден асатын кепілсіз тұтыну несиелерінің үлесі қазірдің өзінде 12 пайызды құраса, ал қарыз алушылардың саны бойынша 3 пайыз деңгейінде.

«Бұл тұрғыда тұтыну несиесінің шамадан тыс өсуін шектеу аясындағы қосымша шара ретінде агенттік заңнамалық деңгейде осы несиенің сомасына шектеу енгізуді ұсынып отыр», – деді апгенттік басшысы.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған