USD
USD
USD

Қазақстанда несие беру шарттары қатаңдатылады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова үкімет отырысында Қазақстанда тұтынушылық несиелендіруді реттеу бойынша қабылданып жатқан шараларды атап өтті.

Қазақстанда несие беру шарттары қатаңдатылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, жеке тұлғаларға тұтынушылық несиелердің тәуекелдік салмағын арттыру арқылы банктердің меншікті капиталының жеткіліктілік тәуекелін реттеу бойынша шаралар қабылданатын болады.

Қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу қатаңдатылады. Есептеу кезінде қарыз алушының тұрақты кірісін сенімді растау болып табылмайтын кірісті анықтау критерийлерін алып тастайды. Сонымен қатар банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты да тәуекелі жоғары тұтынушылық несиелерге қосымша шектеулер енгізуді жоспарлап отыр.

"Нәтижесінде банктердің төлем қабілеттілігі жеткіліксіз қарыз алушыларға несие беруі шектеледі", - деді қаржы нарығын реттеу агенттігі.

Жеке тұлғалардың банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы, оның ішінде коллекторларға өндіріп алуға берілген қарыздары бойынша проблемалық берешектерді шешу бойынша шаралар қабылданатын болады.

Агенттік қосымша жеке тұлғаларға берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәндерін реттеу, сондай-ақ несиелер бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемелерін есептеуге қарыз алушыдан түсетін кез келген комиссиялар мен төлемдерді енгізу бойынша қосымша шаралар қабылдайды. 

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші