Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда мыңдаған еңбек мигранты жүр

16 мыңға жуық шетелдік азамат Қазақстанда жұмыс істеп жүр, – деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қазақстанда мыңдаған еңбек мигранты жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 832 шетелдік жұмыс істеп жүр.

«Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 658 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 430 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 302 адам және 1 058 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 728 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1 656 адам тартылды», – делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1770 жұмыс беруші бар. Оларда 455 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96 пайызы.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдердің тізімінде Қытай (3459 адам), Өзбекстан (1 693 адам), Түркия (1 621 адам), Үндістан (1 145 адам), Ұлыбритания (1 038 адам) бар.

Қазір оқып жатыр

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Оңтүстік Корея

Үй жануарын асырай алмайтын жағдайда, иесі оған жаңа орын тауып беруге міндеттелмек

Ит

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер өз әйеліне зәбір көрсеткен

Тұрмыстық зорлық-зомбылық