USD
USD
USD

Қазақстанда мереке күндерінің тізімі бекітілді

Елімізде мереке күндерінің тізімі бекітілді - үкіметтің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына өзгерістер енгізілді. Құжат Нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды. 

Қазақстанда мереке күндерінің тізімі бекітілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» қаулыға 27 шілде күні өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, жаңартылған тізім келесідей: 

– Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан; 

– Алғыс айту күні – 1 наурыз; 

– Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі; 

– Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр; 

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым; 

– Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі; 

– Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі; 

– Абай күні – 10 тамыз; 

– Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі; 

– Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз; 

– Білім күні – 1 қыркүйек; 

– Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі; 

– Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек; 

– Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі; 

– Қарттар күні – 1 қазан; 

– Нан күні – 16 қазан; 

– Энергия үнемдеу күні – 11 қараша; 

– Ұлттық валюта – теңге күні – 15 қараша; 

– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.

Қазір оқып жатыр

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы