USD
USD
USD

Қазақстанда мемлекеттік шекарадан өту тәртібі жеңілдетілді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.

Қазақстанда мемлекеттік шекарадан өту тәртібі жеңілдетілді
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. ВАК отырысында қазақстандық және шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібін жеңілдету мәселелері талқыланды.

Нәтижесінде, ведомствоаралық комиссия уақытша шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады:

- Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлары арқылы шет мемлекеттерге шығуына;

- визалық талаптар сақталған жағдайда шетелдіктерге визасыз режимі бар елдерден, сондай-ақ тікелей әуе қатынасы бар елдерден (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) Қазақстан Республикасының аумағына/аумағы арқылы кіруге/транзиттік өтуге.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары үшін автоөтпе жолдары арқылы шет мемлекеттерге шығу үшін шектеу мерзімі екі есе азайтылды, енді қазақстандықтар 15 тәулікте 1 рет шыға алады.

Елге кіру кезіндегі жалғыз талап – шетелден келгендердің барлығы вакцинациядан өтуіне қарамастан 72 сағат ішінде жарамды коронавирустың теріс ПТР тесті туралы анықтаманы ұсынуы керек. Еріп жүретін адамдарда теріс тест туралы құжат болған кезде 5 жасқа дейінгі балалардан анықтама талап етілмейді.

«Бұл шаралар экономикалық қызметті жандандыруға, отандық туристік бизнесті дамытуға және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қаңтарда бизнес өкілдерімен кездесу барысында Үкіметке коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша карантиндік шараларды қолдану тәсілдерін қайта қарауды тапсырған болатын», - делінген ВАК мәліметінде.

 

Қазір оқып жатыр

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Ертіс