USD
USD
USD

Қазақстанда маска өндіретін кәсіпорын ашылды

Нұр-Сұлтанда айына 5 млн маска тігетін қуатты өндіріс орны іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстанда маска өндіретін кәсіпорын ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта кәсіпорын сынақ режимінде жұмыс істейді.

«10 маусымда бізге құрал-жабдықтар келе бастады. Содан кейін оны әзірлеп, жұмысқа қызметкерлер қабылдауға кірістік. Ал 20 шілдеден бастап сынақ режимінде жұмысқа кірісіп, қызметкерлерді де қатар оқыту басталды. Кәсіпорын жолағы сынақ режимінде екі миллионға жуық маска шығарды. Толық өндірістік қуатына шыққанда айына бес миллион маскаға дейін тігетін болады», – деді «Болашақ 2019» ЖШС техникалық директоры Ғабит Нүсіпов.

Қазір оқып жатыр

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кетті

Александр Вучич

Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарында бір алтыннан айырылды

Ясмина Тоқсанбаева

«Жұмыста қысым болған»: Көкшетау соты қызметкерінің қазасы туралы құзырлы орган не дейді?

Аян Дүйсеков

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі