USD
USD
USD

Қазақстанда күріш алқаптары қысқартылуы мүмкін

Қызылорда мен Түркістан облыстарына күріш алқаптарын қысқарту ұсынылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов айтты.

Қазақстанда күріш алқаптары қысқартылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қызылорда облысы бойынша магистралдық және шаруашылықаралық каналдарды механикалық тазалау жүргізілуде. 67 қосымша сорғы сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ суармалы суды ұтымды бөлу және су бөлу бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұдан басқа, өткен жылдың тәжірибесі бойынша суару кезектілігі және коллекторлық-дренаждық суларды қайта пайдалану қолданылатын болады. Қалыптасқан жағдайды ескеріп, әкімдікке күріш егісін қысқарту ұсынылды», - деді ол министрліктің алқа мәжілісінде.

Вице-министр Түркістан облысы бойынша (Мақтарал және Жетісай аудандарындағы Достық каналының егіс алқаптарында күріш егістерін жою ұсынылғанын айтты.

«Сондай-ақ, магистральды және шаруашылықаралық каналдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Коллекторлық-дренаждық суларды қайта пайдалану үшін қосымша сорғыларды сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сырдария өзенінің ағысын ескере отырып, Көксарайға судың жетпеу қаупі жоғары. Осыған байланысты Түркістан облысының әкімдігіне Көксарай контрреттегіші аумағындағы жерлерде егістікті екпеу ұсынылды», - деді Серік Қожаниязов.

Қазір оқып жатыр

Өскеменде порнографиялық материал әзірлеп, таратқан 14 адам сотталды

порногарфия

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Мәдениет және ақпарат министрі

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқаратын болды

Экология және табиғи ресурстар министрі

Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

ТЖМ