USD
USD
USD

Қазақстанда күнбағыс дәндерін сыртқа әкетуге шектеулер енгізілді

2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы аумағынан күнбағыс дәндерін әкетуге квоталар енгізілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Қазақстанда күнбағыс дәндерін сыртқа әкетуге шектеулер енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі № 214 бұйрығымен күнбағыс дәндерін Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі. Шектеулер 2022 жылғы 8 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін қолданыста болады.

Күнбағыс дәндерін әкетуге сандық шектеулер Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Бұл ретте бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жатады.

Қазір оқып жатыр

«Кәсіби маман»: Аида Балаева журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты пікір білдірді

Гүлнар Бажкенова

Астанада екінші әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады

Астана әуежайы

Қазақстанда AI мамандарын даярлайтын жаңа университет ашылады

Жаслан Мәдиев

Жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді – Мәдиев

комиссия