USD
USD
USD

Қазақстанда күн суытады

Қазақстанда күн суытады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады. Синоптиктердің айтуынша, Мәскеуден келген антициклон Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді, сондай-ақ жауын-шашын тоқтайды.

Қазақстанда күн суытады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Фронтал бөліктер әсерінен еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын түседі. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді", - деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" алматылықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты. Қолайсыз ауа райы елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аптаның соңына дейін сақталады.

Сонымен қатар, 29 наурыз күні таңертең қалада жаңбыр, қар жауды.

30 наурызда түнде Алматыда қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды.

"Күндіз жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түседі. Түнде ауа температурасы 0...+ 2, күндіз + 5...+7 градус болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Қазмырыш

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

жолдағы жылдамдық

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

ЖЭО

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Депутаттар