USD
USD
USD

Қазақстанда күн күрт суытады

Қазгидромет алдағы күндері Қазақстанда ауа температурасы төмендейтіндігі туралы хабарлады.

Қазақстанда күн күрт суытады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын байқалатын циклонның артынан суық cолтүстік-батыс антициклон жылжи бастайды. Салдарынан жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік аймақтарына Жерорта теңізінің аудандарынан циклонның шығуы әсер етеді, ол жауын-шашын әкеледі, кей жерлерде қатты (жаңбыр, қар). Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып, жел күшейеді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 12 наурыз түнде Қарағанды және Ақмола облыстарда жаяу бұрқасын күтіледі. 12-13 наурызда кей жерлерде тұман күтіледі. 13 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 12-13 наурыздааралығында ауа температурасының 7-12, кей жерлерде 16 градус аяздан 22-27, кей жерлерде 30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 13-14 наурызда Түркістан облысында кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, 12 наурызда күндіз облыстың басым бөлігінде, 13-14 наурызда тәулік бойы кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, 12 наурызда күндіз таулы аудандарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

13 наурызда күндіз ауа температурасының 16-21, кей жерлерде 6-11 градус жылыдан, 3-8 градус жылы, кей жерлерде минус 0-5 градусқа жетуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер