Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда күн қайта суытады

Синоптиктердің болжауынша, алдағы демалыс күндері ауа райы бірқатар өңірлерде күрт суытады, – деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанда күн қайта суытады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 17 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ертең түнде және таңертең Ақтауда тұман түсуі мүмкін.

17 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

17 сәуір күндіз, 18-19 сәуірде тәулік бойы Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. 18-19 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

18 сәуірде күндіз Таразда найзағай жарқылдайлды. 18 сәуірде күндіз, 19 сәуірде тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

19 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып соңы қарға ұласады, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күрт төмендеп, түнде минус 7-12 градус, күндіз 0, -5 градусқа дейін болады.

19-20 сәуірде Қарағанды облысының кей жерлерінде жауын жауып соңы қарға ұласады, көктайғақ болады, тұман түседі, 20 сәуірде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді.

19 сәуірде түнде ауа температурасы 3 градус аязда 2 градус жылыға дейін күрт төмендейді. 20-21 сәуірде түнде 7-12 градус аяз болады.

20 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын жауып соңы қарға ұласады, көктайғақ болады, тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. 20 сәуірде ауа температурасы күрт төмендейді, түнде 2-7 градус аяз, күндіз 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін болады. 21-22 сәуірде түнде 5-13 градус аязға болуы ықимал.

19 сәуірде күндіз Ақтөбе облысында ауа температурасы төмендеп 5-10 градус болуы мүмкін. 20 сәуірде түнде 3-8 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы болады. 19 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болып, екпіні 25 м/с жетеді.

19 сәуірде түнде Қостанай облысының кей жерлерінде жауын жауып соңы қарға ұласады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с болып, екпіні 23 м/с жетеді. 19 сәуірде ауа температурасы күрт төмендеп түнде 3-8 градус аяз, күндіз минус 3 градустан 2 градус жылы болады.

19 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде жаңбыр соңы қарға ұласады, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде күрт төмендеп 5-10 градус аяз, күндіз 0, -5 градус суық болады.

19 сәуірде Павлодар облысының кей жерлерінде жаңбыр соңы қарға ұласады, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы күрт төмендеп түнде 2-7 градус аяз, күндіз 0, -5 градус суық болады. 20-21 сәуірде түнде 7-12 градус аяз болады.

20 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетіп, екпіні 23-28 м/с болады. 20 сәуірде түнде ауа температурасы күрт төмендеп 2-7 градус болады. 21 сәуірде түнде кей жерлерінде 3 градус үсік жүреді.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық