USD
USD
USD

Қазақстанда коронавирустың қанша штамы тіркелді?

Қазақстанда вирустарды генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Қазақстанда коронавирустың қанша штамы тіркелді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Министрлік вирустың елге кірген жағдайы мен мутациялық өзгеруіне мониторингті қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде вирустарды генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр», - деді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуыша, 2020-2021 жылдары 1407 сынама зерттелді.

Осының нәтижесінде наурызда «британдық» Alpha штамм, «оңтүстікафрикалық» Beta штамм, маусымда «үнділік» Delta штамм, тамызда «нигериялық» Eta штамм анықталды.

«SARS-CoV-2 вирусының түрлі нұсқаларының таралуын анықтау мен мониторингілеу жұмыстары жалғасып жатыр», – деді министр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда темір жол өткеліне шығып кеткен жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Тепловоз бен жүк көлігі

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік