USD
USD
USD

Қазақстанда көмір өндірісі төмендеді

Қазақстанда көмір, шикі мұнай және табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеді. 
Қазақстанда көмір өндірісі төмендеді
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.
 
«2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда тамақ өнімдерінің, сусын, резеңке және пластмасса бұйымдарының, өзге де бейметалл минералдық өнімдерінің, химия және фармацевтика өнімдерінің, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өндірісінің өсуі байқалды.

Көмір, шикі мұнай және табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеді.

Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды», - делінген мәліметте.

Биылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде өндірілді:

- мұнай (газ конденсатын қосқанда) 62,4 млн тонна;

- мыс кендері 91,4 млн тонна;

- ұн 2,3 млн тонна;

- бензин 3,5 млн тонна;

- дизельді отын 3,8 млн тонна;

- электр энергиясы – 83,9 млрд.кВт.сағ.

Қазір оқып жатыр

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас