USD
USD
USD

Қазақстанда колледждердің қанша студенті хостелде тұрады

Желтоқсанның 5-інде өткен үкіметтің баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 900-ден астам колледж студенті хостелдерде тұрып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда колледждердің қанша студенті хостелде тұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министр жатақханадағы орын тапшылығы мәселесі жүйелі түрде шешіліп жатқанын атап өтті. 2022 жылы орын тапшылығы 12 мың болса, бқл көрсеткіш 2023 жылы екі есе азайған. Тапшылық негізінен Астана, Алматы қалалары мен Ақмола облысындағы колледждерде байқалады.

"Хостелдерде негізінен жеке меншік колледждердің студенттері тұрады. Біз толықтай есеп жүргізіп отырмыз – бұл хостелдерде 900-ден сәл астам студент тұрады. Бұл осы өңірлердегі шамамен 14 хостел. Негізінен Астанада – 800-ге жуық адам. Тиісті шаралар қабылдап, белгілі бір жұмыстарды күшейтіп, жалғастырамыз"- дейді Ғани Бейсембаев.

2023 жылдың соңына дейін Ақмола облысында 300 орындық жатақхана пайдалануға беріледі. Жалпы, колледж студенттеріне арналған жатақханадағы орын тапшылығы мәселесі екі жылдың ішінде шешіледі.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс