USD
USD
USD

Қазақстанда көлік нөмірлеріне QR код қойылады

Автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісіне оның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік беретін бірегей DMC код салынады.

Қазақстанда көлік нөмірлеріне QR код қойылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "ҚазСтандарт" ҚТРМ МТИ баспасөз хатшысы Әсел Есмағанбетованың айтуынша, биыл 1 қыркүйектен бастап ҚР СТ 986-2022 ұлттық стандарты қолданысқа енгізілген.

"Онда автокөлік нөмірлері мен оларға арналған бланкілерге қойылатын талаптар жазылған, оларда қолдан жасаудан (жалған) қорғау үшін қажетті арнайы және қосымша элементтері болуы керек. Стандарт мемлекеттік тіркеу белгілеріндегі қаріптерге, сандарға және қорғау элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Полиция қызметкерлері нөмірлердің түпнұсқа екенін тексере алатын бірегей DMC-кодтарын қолдану қосымша қауіпсіздік элементтеріне жатқызылғаны айтылды.

"Арнайы қорғаныс элементтерін нөмірдің бетінен химиялық жолмен немесе физикалық әсер ету арқылы алып тастауға болмайды және ол нөмірде сақталуы тиіс", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

ҚР СТ 986-2022 енгізу өнім өндіру бағасының өзгеруіне, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарға әкеп соқпайтыны түсіндірілді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу

Аида Балаева Президентке халықтың тұрмыс сапасы жөнінде есеп берді

Тоқаев, Балаева

Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның сотында журналистерді сыртынан қамап қойған

Әділетхан Молдахан

Блогер Шайхтың миллион теңгеге сатылған бизнес-турлары тексеріліп жатыр

Еркежан Шайхиева