USD
USD
USD

Қазақстанда қылмыс деңгейі 12%-ға төмендеді

Қазақстанда құқық тәртібі мен қауіпсіздік мәселелері ерекше назарда, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Қазақстанда қылмыс деңгейі 12%-ға төмендеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалпы қылмыс деңгейі 12%-ға төмендеді.

Мал ұрлығы дерегі 14%-ға азайды. Бұл бағытта 661 қылмыстың беті ашылып, 112 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді, мал ұрлаған 614 барымташы ұсталды.

Қарақшылық 28%-ға, тонау 13%-ға, көшедегі құқық бұзушылықтар 8%-ға төмендеді.

Республикада 8,2 млн жол қозғалысы қағидасын бұзудың жолы кесілді.

20,5 мың "мас" жүргізуші ұсталды.

22 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылды.

Елімізде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 1,2 млн-нан астам бейнекамера орнатылған. 

Олардың көмегімен полицейлер 9,2 мың қылмыстың бетін ашып, 513 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтілді.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар