USD
USD
USD

Кейбір пойыздың уақытша тоқтатылу мерзімі ұзартылды

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында кейбір жолаушылар пойызын уақытша тоқтату мерзімі ұзартылады.

Кейбір пойыздың уақытша тоқтатылу мерзімі ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Келесі бағыттағы пойыздар жүрмейтіні хабарланды:  

  •  № 31/32 "Алматы-2 – Павлодар" пойызы Алматыдан жөнелтілуі 2020ж. шілденің 19, 21, 22, 23, 25, 27, 28, 29, 31 және 2 тамызда, Павлодардан келу/кету 2020 ж. шілденің 20, 22, 23, 24, 26, 28, 29, 30 және 1, 3 тамызда, Алматыға келу 2020 ж. шілденің 21, 23, 24, 25, 27, 29, 30 және 2, 4 тамызда 10 рейске;
  • № 258/257 "Нұр-Сұлтан-1 – Достық" пойызы Нұр-Сұлтаннан жөнелтілуі 2020ж. шілденің 19, 26 және 2 тамызда, Достықтан келу/кету 2020ж. шілденің 20, 27 және 3 тамызда, Нұр-Сұлтанға келуі 2020 ж. шілденің 21, 28 және 4 тамызда 3 рейске;
  • № 3/4 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Алматы-2" пойызы Нұр-Сұлтаннан жөнелтілуі 2020ж. шілденің 19, 21, 23, 25, 27, 29, 31 және 2 тамызда, Алматыдан келу/кету 2020ж. шілденің 20, 22, 24, 26, 28, 30 және 1, 3 тамызда, Нұр-Сұлтанға келу 2020ж. шілденің 21, 23, 25, 27, 29, 31 және 2, 4 тамызда 8 рейске;
  • № 68/67 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Өскемен-1" пойызы Нұр-Сұлтаннан жөнелтілуі 2020ж. шілденің 20, 22, 24, 26, 28, 30 және 1 тамызда, Өскеменнен келу/кету 2020ж. шілденің 21, 23, 25, 27, 29, 31 және 2 тамызда, Нұр-Сұлтанға келу 2020ж. шілденің 22, 24, 26, 28, 30 және 1, 3 тамызда 7 рейске.

Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты толық көлемде ала алады.

Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша білуге болады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.