USD
USD
USD

Қазақстанда кедендік бақылау күшейтіледі

 Тыйым салынған заттардың тасымалына бақылау күшейтіледі. Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың кедендік шекаралары арқылы өтетін тауар мен көліктер жөнінде ақпарат алмасатын келісім күшіне енді.

Қазақстанда кедендік бақылау күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Сенаттың жалпы отырысында келісімді ратификациялау туралы заң қабылданды. Бір жыл бұрын өткен «Петербург халықаралық экономикалық форумында» одаққа мүше мемлекеттердің вице-премьерлері  мен Қытайдың сыртқы істер министрі келісімге қол қойған еді. Елдер арасында ақпарат алмасу электрондық түрде жүзеге асады.

Заңға сәйкес, кедендік операцияларды жүргізу жеделдейді.  Кедендік бақылаудан жалтару фактілерін тез анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, тыйым салынған заттарды анықтау жеңілдейді. Келісімді іске асыру бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда онлайн алуға болатын медициналық қызметтер саны артады

медициналық қызмет

Солтүстік Кипрде супермаркетте қазақстандық қыз пышақ жарақатын алды

оқиға орны

Қарағандыда «балгерлерге» сенген зейнеткер 15 млн теңгесінен айырылды

алаяқтық

Алматыда төрт құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Құрылыс компаниялары