USD
USD
USD

Қазақстанда кавасакиге ұқсас аурудан екі бала шетінеді

Қазақстанда кавасакиге ұқсас аурудан 2-3 жасар екі бала шетінеді. 30 қыркүйекте «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» басқарма төрайымы Риза Боранбаева Азаттық тілшісіне осылай деп хабарлады.

Қазақстанда кавасакиге ұқсас аурудан екі бала шетінеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дәрігердің айтуынша, ата-аналары балаларды ауруханаға кеш жеткізген. Бұған қоса, екі сәбиде қосымша сырқат болған, бірі «қызыл жегімен» ауырған. Дәрігерлер оларды аман алып қала алмаған.

Дәрігерлердің айтуынша, ауру коронавирустан жазылып шыққан балалар арасында кездесіп отыр. Қайтыс болған екі сәби бірнеше апта бұрын Covid-тен жызылып шыққан.

Риза Боранбаеваның айтуынша, Қазақстанда «кавасакиге ұқсас мультижүйелі қабыну синдромына» 41 бала шалдыққан. Олардың бәрінің ағзасынан коронавирусқа қарсы антидене анықталған. Науқастардың 37-і жазылған. «Коронавирус жұқтырып, жеңіл түрімен ауырған балалар кавасакиге ұқсас мультижүйелі қабыну синдромына шалдығуы мүмкін. Бала ауырып-жазылған соң, екі-алты апта аралығында денесі бөртіп, қызуы көтерілсе бірден дәрігерге қаратыңыз. Дер кезінде диагноз қойылып, дереу емдесе жазылып кетуі мүмкін», – дейді дәрігер.

Елде алғаш рет кавасакиге ұқсас мультижүйелі қабыну синдромы тамыздың 4 тіркелген. Екі ай ішінде 41-ке жеткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері