USD
USD
USD

Қазақстанда кавасаки синдромы анықталған балалардың саны 11-ге жетті

Карантин талабын бұзған 123 заңды тұлға 62,6 млн теңге айыппұл төледі. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.

Қазақстанда кавасаки синдромы анықталған балалардың саны 11-ге жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өткен аптада Қазақстанда Кавасаки синдромымен ауырған 3 баланың тіркелгенін айтқан болатынмын. Қазіргі уақытта Кавасаки синдромымен және соған ұқсас синдроммен 11 бала тіркелді. Бірақ, айта кетерлігі, клиникалық белгілері бойынша бұл індет Кавасаки синдромына ұқсас. 5 жасқа толмаған балаларда өте сирек кездеседі. Қазақстан бойынша тіркелген 11 баланың үшеуі Нұр-Сұлтан қаласында аман-есен емделіп шықты», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның айтуынша, қалған балалар Ақтөбе, Қарағанды, Алматы қалаларында тұрады. Балалардың екеуі 1 мен 5 жас аралығында болса, қалған 9 бала 5-тен 17 жастың аралығында.

«Яғни, 9 бала Кавасаки синдромына нақты келмейді. Олар соған ұқсас ауру деп есептелінеді», - деді Бағдат Қожахметов.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай