USD
USD
USD

Қазақстанда қарбыздың америкалық сорты өсірілді

Жамбыл облысы Талас ауданында биыл ғана ашылған «Береке» шаруа қожалығы қарбыздың мұхит асып келген америкалық түрін өсіруде.

Қазақстанда қарбыздың америкалық сорты өсірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарбыздың америкалық «AU Producer» сорты 70-80 күнде өнім береді.

Қожалық иесі күздік қарбыздың бұл түрінен шырын өндіруді жоспарлап отыр.

«Жоғары өнімді сорт болып табылатын бұл қарбыздың өнімділігі жақсы күтім жасалған жағдайда 18-20 келіге жетеді», - дейді аталған шаруа қожалық төрағасы Нұркен Тұраров.

Таластықтарға тіл үйірер дәмі бар пайдалы әрі ерекше шырын ұсынғалы отырған шаруа қожалығының төрағасы жетіліп піскен өнімді алдағы уақытта басқа өңірлерге де тасымалдауды көздеуде.

Сонымен қатар, ол 20 гектар жерге жоңышқа, жүгері және көкөніс егіп, 9 гектарды қауын мен қарбыз бақшасына айналдырған.

Қожалық диқаншылыққа жаңа технологияларды да қолдана бастаған. Жоңышқа алқабын жаңбырлатып суаратын «Bauer» құрылғысымен суарса, жүгері мен көкөніс және бақша өнімдеріне дихандар тамшылатып суару әдісін енгізген.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт