Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда карантин шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа қаулы шықты

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерініңкоронавирустың таралуын алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда карантин шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа қаулы шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Жаңа қаулыға сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін.

Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф