USD
USD
USD

Қазақстанда карантин шаралары қалай жеңілдетіледі?

Карантиндік шараларды жеңілдету біртіндеп іске асырылады. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

Қазақстанда карантин шаралары қалай жеңілдетіледі?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Карантин шаралары індетке шалдығудың күрт өсуіне тосқауыл болып, медициналық жүйеге жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Осының оң нәтижесін біз қазір көріп тұрмыз. Карантиндік шараларды жеңілдету біртіндеп іске асырылады. Бірінші кезекте адамдардың тығыз әрі ұзақ қарым-қатынасы байқалмайтын нысандар іске қосылуда. Осыны ескере отырып, 1 мамырдағы тиісті қаулыда алгоритмді айқындадық», - деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Осы орайда алгоритмде жұмыс берушілерге және жұмысшыларға, сондай-ақ қызмет көрсету орындарына барған адамдарға қойылатын талаптар қамтылған. Бұл тұрғыда ғимартқа кіргенде масканы тағу, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейту ескерілген. Бұдан бұрын хабарланғандай, А. Есмағамбетова карантиндік шаралар өзінің нәтижесін бергенін атап өтті. Соңғы екі аптаның барысында тұрақты эпидемиологиялық жағдай тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы