USD
USD
USD

Қазақстанда қанша темір тұлпар тіркелген?

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елімізде қанша көлік тіркелгенін айтты, - деп жазды Tengrinews.kz.

Қазақстанда қанша темір тұлпар тіркелген?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін шетелдік тіркеуі бар автокөліктерді (шамамен 300 мың) қосқанда, автокөлік саны 3,9 миллионнан 5 миллионға дейін өсті. Бұл жағдайда автопарк қартайған. Еліміздегі автокөліктердің 50 пайыздан астамының пайдалану мерзімі 20 жылдан асады», - деді ІІМ басшысы Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Ахметжанов көліктердің тозуы туралы да айтты.

«Осыған орай, көліктердің техникалық жағдайын тиісті бақылау қамтамасыз етілмей отыр. Техникалық байқау орталықтарын ашу талаптары қысқарғаннан кейін одан өтуге жалған талондар беру тәжірибесі кең етек алды», - деді ішкі істер министрі.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити