USD
USD
USD

Қазақстанда қанша диірмен жұмыс істеп тұр

ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова уақытша тоқтап қалған диірмендерге қатысты пікір білдірді.

Қазақстанда қанша диірмен жұмыс істеп тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанда 240-қа жуық ұн тартатын кәсіпорын бар. Соның ішінде 170-сі жұмыс істеп тұр. Жалпы, ішкі нарықта Ресей бидайын тұтынып, өңдеп жүрген диірмендер негізінен шекаралас аймақтарда орналасқан, атап айтқанда, СҚО, БҚО, Павлодар облысындағы диірмендер. Мұның да өз себептері бар. Ішкі нарықта солтүстіктен батысқа бидай тасымалдау шығындарының немесе Ресейден әкелу шығындарының арасындағы айырмашылық өте үлкен. Аталған өңірлерде шамамен 45-50 жуық ұн тартатын кәсіпорын бар. Солардың жартысына жуығы ресейлік өніммен жұмыс істеді. Қазіргі кезде Ресейде қойылған қойылған шектеуге байланысты ұн тарту кәсіпорындары ішкі нарықтан бидай сатып алуға мәжбүр болып отыр», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, диірмендер жұмысы алдағы уақытта тоқтап қалмайды.

«Өтінім берген жағдайда, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арзандатылған бидайды өңірлерге апарып, тартып, жекелеген облысқа қажетті көлемде ұн өндіруге қауқарлы. Мұнда бағадан басқа кедергі жоқ. Біздің диірмендер транспорттық және логистикалық негіздемелер бойынша ғана Ресейдің бидайын осы кезге дейін тартып отырды», - деді Н. Хатепова.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі