USD
USD
USD

Қазақстанда қандай жағдайда карантин енгізіледі?

 Қазақстанда қандай жағдайда карантин енгізілуі мүмкін? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде жауап берді.

Қазақстанда қандай жағдайда карантин енгізіледі?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біздің ойымызша, қараша-желтоқсан айларында коронавирус жұқтырғандар саны өсуі мүмкін. Бұл жедел респираторлық инфекциялар мен тұмаудың коронавирустың жаңа толқынымен қабаттасып кетуінен болуы мүмкін. Ал карантинді күшейту үшін бірнеше критерий бар. Негізгі критерий – коронавирусқа дайындалған төсек-орындардың бос болмауы 70 проценттен асып кеткен жағдайда. Бір күнде жалпы 71 мың төсек-орынды ашу мүмкіндігі бар. Қазақстанда бір күнде 30-35 мың науқас коронавируспен ауырса, карантин шектеулері енгізіледі. Қазіргі уақытта 4596 адам. Яғни науқастар саны бірден бір күнде 35 мыңға көтеріліп кетсе, карантин енгізіледі», - деді. Сондай-ақ коронавирустың екінші толқынына дайындық барысын айтып өтті. «Коронавирустың екінші толқыны болмай-ақ қойсын. Бірақ біз өткеннен сабақ алдық. Сол себепті алдағы қауіп-қатерге дайындық әлі де жүріп жатыр. Дайындық 100 процентке жақындап қалды. Медицинаны тас түйін деп айта аламын. Өкпені жасанды желдету аппараттары, төсек-орындар, мобильді бригадалар, ауруханалар, емханалар, дәрі-дәрмек қоры бәрі дайын. Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайды болжаумен айналысуда. Ең дәл болжамдар алдағы екі аптаға ғана беріледі. Одан ұзақ уақытқа болжамды нақты беру мүмкін емес», - деді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы