USD
USD
USD

Қазақстанда қандай көліктер сұранысқа ие?

2020 жылдың 7 айында Қазақстанда 272,9 млрд теңгеге 37 066 автокөлік шығарылды.

Қазақстанда қандай көліктер сұранысқа ие?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының мәліметінше, 7 айдың ішінде елімізде жеңіл, жүк көліктерін, автобустарды, арнайы машиналар мен тіркемелерді қоса алғанда жалпы құны 272,9 млрд теңге болатын 37 066 автокөлік құрастырылған.

Нақты мәнде шығарылған көлік түрлерінің көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 50 пайызға жоғары болып отыр. Есепті кезеңде елімізде 32 128 жеңіл көлік құрастырылып, өсім 44,2 пайызға жетті. 873 автобус құрастырылды. Жүк көлігін құрастыру 2,9 есеге артып, 3 484-ке жетті. 152 арнайы техника мен 429 тіркеме шығарылды. Республика тұрғындары жергілікті өндірістен шыққан көліктерді сатып алуға 222,2 млрд теңге жұмсады.

Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 41,1 пайызға жоғары. Жыл басынан бері еліміздің кәсіпорындарында құрастырылған көліктердің ішінде Lada (9 663), Hyundai (8 030), Ravon (4 077), KIA (3 695) және Chevrolet (939) маркаларына сұраныс жоғары. Бұл қатарға JAC (547), UAZ (279) және Skoda (209) көліктері де кіріп отыр.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк