USD
USD
USD

Қазақстанда IT пәні мұғалімдері даярланады

Биыл желтоқсаннан бастап елімізде IT пәнінің мұғалімдері даярлана бастайды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда IT пәні мұғалімдері даярланады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «TechOrda бағдарламасы аясында IT кәсібін игергісі келетін қазақстандықтарға жеке озық IT мектептерде ваучерлік жүйе негізінде білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Жоба аясында азаматтар өзінің біліктілігін жетілдіре алады. Мысалы, бүгінде бағдарлама бойынша 2000 адам IT саласын игерді. Олар жалақысы 450 мың теңге болатын жұмысқа орналаса алады. Халықаралық серіктестермен ынтымақтастық та еліміздің адами капиталының дамуына оң ықпалын тигізеді», - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, халықаралық алып компаниялармен бірге оқу курстары әзірленеді.

«Осы бағытта қолдау көрсеткені үшін Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғыс білдіремін. Осы трендті жалғастыру үшін биыл 1-ші желтоқсаннан бастап ІТ пәнінің мұғалімдерін оқыту тетігі енгізіледі. Оқу сапасын арттыру үшін жыл соңына дейін ІТ факультеттерге тиісті сапа стандарттарын енгізу жұмыстарын бастадық. Біз Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, өңірлік оқу орындарындағы IT факультеттеріне тиісті аудит жүргіземіз. Жергілікті әкімдіктер осы жұмыстардың қарқынын арттыру үшін өңірлерде IT жобалау мектептерін қолдап, бизнеспен тығыз жұмыс жүргізуі керек», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Астана мен Алматыда тұрғын үй саудасы баяулаған

Астана

Гонконгта Alatau City Roadshow инвестициялық дөңгелек үстелі өтті

Алатау сити

Әл-Фараби даңғылындағы апат: жәбірленуші тарап адвокаттардан бас тартты

.

Сенат рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдады

Кісен