USD
USD
USD

Қазақстанда ипотека алушылар екі есе көбейді

2021 жылдың 8 айында ипотека бойынша 1,2 трлн теңгенің 97,2 мыңнан астам келісімшарты рәсімделеді. Бұл былтырғыдан екі есе көп, жеп хабарлайды Бірінші кредит бюросы. 

Қазақстанда ипотека алушылар екі есе көбейді
Фото: NEGE.kz
 
 
Алматы, NEGE. «2021 жылы ипотекалық несие беру екі есеге артты. 8 ай ішінде Қазақстанда жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге жуық 97,2 мыңнан астам келісімшарт ресімделді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көп. Берілген кредиттер саны 62%, ал олардың көлемі 2 еседен астам өсті. Қазақстандықтар көбінесе бір ипотеканы өтей салып, екіншісін алады. Биыл 4,1 мыңнан астам адам осындай ипотека рәсімдеген», - делінген бюро хабарламасында.

Сарапшылар 2021 жылдың 8 айындағы қорытынды бойынша сатып алу-сату мәмілелерінің саны 370 мыңнан асқанын айтады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе көп.

«Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндігі пайда болғаны серпін бергені анық. 7 ай ішінде БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін алушылардың шоттарына 1,76 трлн теңге аударылды. Бұл соманың шамамен 70%-ы тұрғын үй сатып алу кезінде толық есептеуге бағытталған. 10%-дан астамы ипотекалық қарыз алу үшін пайдаланылған», - деп жазады талдау орталығы.

Талдауға сүйенсек, кейінгі 12 айда мерзімі өткен ипотекалық несиенің көлемі 310,5 млрд теңгеден 216,5 млрд теңгеге дейін азайған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы