Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда интернет жылдамдығы жоғарылады

Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте Малайзияның алдына шығып, 80 орынға табан тіреді.

Қазақстанда интернет жылдамдығы жоғарылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Finprom.kz ресурсының жазуынша, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ресей мен Малайзияның адына шыққан.

Бір жылда елдегі мобильді интернет жылдамдығы 42% артқан. Тіпті соңғы бір айдың өзінде Қазақстан позициясын 5 пунк бойынша, бір жылда бірден 15 сатыда жақсарып, 80-орынға табан тіреген.

«Мобильді интернеттің жылдамдығы 30,18 Мбит/с-қа жетті. Өткен жылдың маусым айында 21,25 Мбит/с болатын. Жылдамдықтың артуы жылына 42% құрайды. Айта кету керек, интернет байланысының жылдамдығы қатарынан төртінші айда үдемелі қарқынмен өсіп отыр», - деп жазады Finprom.kz.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда мобильді интернеттің жылдамдығы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстанға қарағанда жоғары.

Сондай-ақ, рейтингте Малайзия, Египет, Үндістан, Венесуэла сияқты елдерде де мобильді инетернеттің жылдамдығы Қазақстаннан төмен болып шыққан. Жалпы әлем бойынша мобильді интернеттің орташа жылдамдығы маусым айында 55,34 Мбит/с болған. Ең жылдам интернет БАӘ (193,51 Мбит/с), Оңтүстік Корея (180,48 Мбит/с) және Катар (171,76 Мбит/с) сияқты елдерде тіркелген.

Ал рейтингтің ең төменгі сатысындағы Ауғанстанда мобильді интернеттің қарқыны 7,37 Мбит/с.

 

Қазір оқып жатыр

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі

Иорданиялық бақылаушы: Қазақстанның сайлауды ұйымдастыру тәжірибесі шынайы қызығушылық тудырады

Бушра Абу Шухут

«Чарли Чаплин» Құрылтай сайлауында дауыс берді

Чарли Чаплин

Құрылтай сайлауында ел тұрғындарының жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы