USD
USD
USD

Қазақстанда интернет жылдамдығы қандай?

Жыл басынан бері елімізде мобильді Интернет жылдамдығы секундына 19,52-ден 31,74 мегабитке дейін артты, – деп хабарлайды finprom.kz сайты.

Қазақстанда интернет жылдамдығы қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Finprom.kz сарапшылары мобильді Интернет жылдамдығы бойынша елдер рейтингінде қыркүйектегі қорытындыға сәйкес, Қазақстан бір айда үш сатыға көтеріліп, 80-орынға тұрақтаған. Небәрі бір жыл ішінде ел позициясы 21 сатыға жоғарылаған. Рейтингке сәйкес, елімізде жыл басынан бері мобильді Интернет жылдамдығы 62,2 пайызға, секундына 19,52-ден 31,74 мегабитке дейін артқан.

Дәл осындай рейтингте Орталық Азия елдері арасында Қазақстан бірінші орында, сонымен қатар Беларусь пен Ресейді басып озған. Көшбасшылар қатарында БАӘ, Оңтүстік Корея, Норвегия, Катар және Қытай болды. 

Зерттеуге сүйенсек, биылғы тоғыз айда байланыс саласына салынған инвестиция 17,8 пайызға өсіп, 88,8 миллиард болған. Соңғы бес жылда күрделі салымдар көлемі жылына орта есеппен 19 пайызға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың екінші тоқсанында зерттелген кәсіпорындардың 45 пайызы және 39 пайызы сәйкесінше негізгі капитал мен жабдықтарға инвестицияларды игерді, атап айтқанда ескі жабдықтарды ауыстыру, абоненттер санын көбейту үшін өндірістік қуаттарды кеңейту.

Finprom.kz сайты мәліметінше, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 24,2 миллионға жеткен, бұл былтырғымен салыстырғанда 1,2 пайызға артық. Сарапшылар 2019-2025 жылдар аралығында мобильді Интернетті пайдаланушылар саны 54 пайызға артады деп болжап отыр. Осы уақытқа дейін 3G қызметтері жалпы нарықтың 28 пайызын ғана, 4G технологиялары 60 пайызын, жаңа 5G желілері нарықтың 12 пайызын қамтиды.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай