USD
USD
USD

Қазақстанда инфляция жылдамдады

Жылдық инфляция қыркүйекте 13 өңірде жылдамдады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты.

Қазақстанда инфляция жылдамдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Инфляцияны тұрақтандыру мақсатында Мемлекет басшысы осы жылғы қыркүйектегі өзінің Жолдауында Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп монетарлық емес факторларға ерекше назар аударуды тапсырды. Президенттің орындау үшін Үкімет шешімімен Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешені бекітілді, оны іске асыру осы жылғы қыркүйекте басталды», - деді Е. Досаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар ол биылғы инфляцияны тежеудің негізгі қадамдарын айтты.

«Сіздердің назарларыңызды өңірлердегі жағдайға аударғым келеді. Жылдық инфляция қыркүйекте 17 өңірдің 13 өңірінде жылдамдады, ол 6 облыста 9 пайыздан асып отыр. Ұлттық банктің пікірінше, өңірлік нарықтарда бағаларды тұрақтандыру және тауарлар тапшылығына жол бермеу биылғы жылғы инфляцияны «тежеудің» негізгі факторлары болып саналады», - деді ҰБ басшысы.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші