Қазақстанда импорттық кеден баждары АҚШ долларымен есепке алынады
Қазақстан Республикасына жиналатын импорттық кеден баждары бұрынғыдай АҚШ долларымен бөлінеді және есепке алынады.
Алматы, NEGE. Үкімет мүшелерінің сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта мүше мемлекеттердің бір-бірінің бюджетіне импорттық кедендік баждарды жинау және өзара аудару бойынша міндеттемелері көзделген. Бұл тетік әрбір мемлекетте біркелкі және мынадай негізгі кезеңдерді қамтиды: үшінші елдерден келіп түсетін тауарлардан ұлттық валюталарда импорттық баждардың сомаларын жинау; импорттық баждардың келіп түскен сомаларын белгіленген коэффициенттерге сәйкес бөлу, оны АҚШ долларына айырбастау және оларды кейіннен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге жіберу.
""Ресей Федерациясына салынған санкцияларға байланысты мүше мемлекеттердің кедендік әкелу баждарын Ресей Федерациясы мен Беларуське доллармен аударуы мүмкін емес", - делінген хабарламада.
Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық нұсқа қолдау тапты: Ресей Федерациясына және Беларусь Республикасына кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу үшін Ұлттық жөнелтуші банктердің бағамы бойынша Ресей рублі пайдаланылады.
Қазақстанға, сондай-ақ Арменияға және Қырғыз Республикасына жиналатын импорттық кедендік баждар бұрынғыдай, АҚШ долларымен бөлінеді және есепке алынады.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады