USD
USD
USD

Қазақстанда Hyundai Accent және Hyundai Creta көліктерінің өндірісі тоқтады

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Accent және Hyundai Creta модельдерін шығаруды уақытша тоқтатады.

Қазақстанда Hyundai Accent және Hyundai Creta көліктерінің өндірісі тоқтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Astana Motors баспасөз қызметінің мәліметінше, геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресей Федерациясынан құрамдас бөлшектерді жеткізу жұмысы тоқтап қалған. 

“Осы уақыт ішінде компания қормен жұмыс істеді, сонымен қатар Hyundai Motor Company компаниясымен басқа елдерден бөлшектерді жеткізуге шұғыл квота беру туралы келісімге келді. Қолда бар барлық бөлшек игерілді. Жақын арада жаңа бөлшектер келеді деп жоспарланып отырған жоқ", –  деп мәлімдеді компания.

Қазіргі уақытта алдағы жеткізілімдер және жаңа логистика тізбегі мәселесі пысықталып жатыр.

Компания жоғарыда аталған модельдерге кезекте тұрған клиенттерге күтуді жалғастыруды немесе Hyundai-дың басқа моделіне кезекке тұруды ұсынды.

Қосымша сұрақтар бойынша Hyundai дилерлеріне, сондай-ақ 7007 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры