USD
USD
USD

Қазақстанда ХҚКО-лардың жұмыс уақыты қысқарады

 Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіне өзгеріс енгізуді көздеген бұйрығының жобасы жарияланды.

Қазақстанда ХҚКО-лардың жұмыс уақыты қысқарады
Фото: NEGE.kz


Нұр-Сұлтан, NEGE. Жаңа өзгерістерде жұмыс кестесі келесідей көрсетілген: дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; кезекші бөлімдер дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Қажет болған жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру: дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Ведомствоның жұмыс кестесін қысқарту және ХҚКО-ның кезекші бөлімдерін енгізудің арқасында бюджет үнемделетіндігі атап өтіледі. Министрлік мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар айындағы жағдайға сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімдері қызметкерлерінің штат саны 8 967 адам болды. Бүгінгі таңда операторлардың штаттық саны – 8 379,5 бірлікті, ал нақты саны 7 062,5 бірлікті құрайды.

«Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің санын 30 пайызға қысқарту жоспарланып отыр. Осыған байланысты, екі ауысымды жұмыс кестесіне (сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін және сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін) көшуді орынсыз деп санаймыз. Іс жүзінде 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесіне ауысу оң динамиканы көрсетіп отыр. Аталған өзгеріс қызметкерлерді бір ауысымдық жұмыс кестесіне ауыстыруға және кесімді жалақы төлеу жүйесін енгізуге, нәтижесінде қызметкерлердің жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтеді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция