USD
USD
USD

Қазақстанда халықты жаппай вакциналау сәуір айында басталады

  Халықты жаппай вакциналау сәуір айында басталады. Қазір дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. 

Қазақстанда халықты жаппай вакциналау сәуір айында басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Өкінішке қарай, мектеп оқушылары арасында коронавирус жағдайларының тіркелуі жалғасып жатыр. Оқу жылы басталғаннан бері 10 мыңнан астам мектеп оқушысы коронавируспен ауырды. Оның ішінде 3324 бала оффлайн режимінде білім алған. Қазіргі уақытта карантиндік іс-шаралар өңірлердегі және жекелеген мектептегі коронавирусқа шалдығу жағдайларын ескере отырып, теңгерімді түрде қолданылады. Сәуір айының соңына қарай қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы шығарылады. Алғашқы көлемі 50 мыңға дейін жетеді.

Осылайша, коронавирусқа қарсы вакцинаны енді кез келген қазақстандық ала алады. Ол үшін тіркелген медициналық мекемеге өтініш беру керек. Кезегі келгенде емханадан хабарласып, екпе салдыруға шақырады. Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов осылай деді. Қазіргі уақытта екпе салдыруға өтініш бергендер бар. «Ел арасында вакцина алуға ниетті адамдар көп», - дейді бас санитарлық дәрігер. Қазір облыс, аудандарға вакцина жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ерлан Қиясов сәуірде жаппай вакциналау кеңінен қолға алынатынын жеткізді.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР БАС Мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов: "Қазір екпе алуға тиісті белгіленген топты вакциналап жатырмыз. Бұл алдан ала жоспарланған тізім бойынша орындалып жатыр. Дегенмен, сәуір айында жаппай вакциналау халыққа жүргіземіз деген жоспар бар" деді. 

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын елге жеткізу туралы келіссөздерді тоқтатты. ҚР ДСМ хабарлағандай Қазақстан Pfizer, Moderna, Sinovac, Johnson & Johnson вакциналарын жеткізу туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков хабарлады. Наурыз айының соңына дейін елімізде «Спутник V» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілетін болады. Олар барлық өңірге 1 сәуірге дейін бөлініп беріледі.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар