USD
USD
USD

Қазақстанда ет бағасы қымбаттады

2020 жылдың үшінші тоқсанында әрбір қазақстандық орташа есеппен 21,3 кг ет және ет өнімдерін тұтынды.

Қазақстанда ет бағасы қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1 кг көп, ал 2019 жылдың үшінші тоқсанына қарағанда 1,4 кг көп, деп хабарлады energyprom.kz. Етті тұтыну мөлшері Қазақстанның барлық аймағында өсті. Ет пен ет өнімдерін ең көп тұтынатындар Қарағанды ​​облысында тұрады, мұнда әр тұрғын орта есеппен 26,8 кг ет тұтынған. Одан кейінгі орындарда Ақмола облысының (25,4 кг) және Алматының (25,2 кг) тұрғындары тұр. Елде ет бағасы да едәуір қымбаттады. Осылайша, ет пен ет өнімдерінің барлық түрінің бөлшек саудадағы бағасы бір келі үшін 789 теңгеге дейін өсті. Бір жыл ішінде әсіресе қой еті қымбаттаған: бірден 16,2%-ке, бір келісі үшін 1990,3 теңгеге дейін. Жылқы еті де қымбаттады: 11,9%-ке, 1 келі үшін 2271,8 теңге. Сиыр еті 8 процентке қымбаттап, бір келісінің құны 1947,4 теңгеге жетті.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян