USD
USD
USD

Қазақстанда «эскроу-шот» құралы енгізілмек

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі оқу ақысын алдын ала жинайтын «эскроу-шот» құралын енгізбекші.

Қазақстанда «эскроу-шот» құралы енгізілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осындай жоспары бар екенін айтты.

«Білім алуға қаражат жинақтау құралы ретінде оқу-ағарту министрлігімен бірлесе отырып, балалар мен студенттердің жасына қарай білім беруге қаржы жинақтаудың мемлекеттік жүйесін пайдалану мәселелерін пысықтап жатырмыз. Бұл шаруаны жинақтаушы 18 жасқа, яғни мектеп бітіргенге дейін Оқу-ағарту министрлігі, мектеп бітіргеннен кейін Ғылым және жоғары білім министрлігі реттейді», - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Аталған эскроу-шот арқылы ваучерлік жүйеге көшу көзделіп отыр.

«Сараланған гранттар, яғни оқу ақысының 30%-ынан 100%-ына дейін беру ұсынылады. Сараланған грантты енгізу тәсілдері пысықталуда. Алдағы уақытта тәртібін таныстырамыз», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт