USD
USD
USD

Қазақстанда электр қуаты тапшы болуы мүмкін

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда электр қуаты тапшылығы туындауы мүмкін екенін хабарлады.

Қазақстанда электр қуаты тапшы болуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жүріп жатқан тұтыну динамикасына сәйкес 1-1,5 млрд кВт/сағ көлемінде электр энергиясының тапшылығын күтуге болады, орташа есеппен 300 МВт болуы мүмкін", - деді Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

Оның айтуынша, бұған дейін Қазақстан еліміздің оңтүстік өңірлеріне Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасынан су жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан болатын, өз кезегінде Қазақстан жағы жылу беру маусымында Қырғызстанға электр қуатын беретін болды.

"KEGOC" АҚ болжамы бойынша, Қырғызстанға жеткізу жалғасатын болса, онда бұл электр қуатын 1-1,5 млрд кВт/сағ көлемінде ауыстыру қажет болады. Тағы да, бәрі біздің қазақстандық станциялардың қыста жұмыс істеуге қолайлы техникалық жағдайына байланысты, - деді Энергетика вице-министрі.

Сондай-ақ, ол тұтынушыларды қамтамасыз ету тиісті министрліктің, жүйелік оператордың міндеті екенін және барлық тұтынушылардың электр энергиясымен толық қамтамасыз етілетінін қосты.

"Егер тапшылық көлемдерін болжайтын болсақ, онда Қазақстанға электр энергиясын жеткізуге мүмкіндігі бар елдерге (бұл Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан) жүгінеміз", - деді Жандос Нұрмағанбетов

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі қысқармақ

Ақша

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева