USD
USD
USD

Қазақстанда электр энергиясына сұраныс артты

Биығы жылдың үш тоқсанында Қазақстанда электр энергиясын өндіру 83,6 млрд кВт/сағ-ты құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 7,7% көп, деп хабарлайды ranking.kz.

Қазақстанда электр энергиясына сұраныс артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Электр энергиясын тұтыну 7%, яғни 2,9 млрд кВт/сағ-қа (Оңтүстік аймақ бойынша 12% жуыққа) дейін артты.

Қазақстанның үш өңірінде – Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында электр энергиясы артығымен қалып жатса, қалған өңірлерде энергия тапшылығы байқалады. Олардың көбінде тұтыну өндірістен бірнеше есе асып түседі.

Жарықты тұтыну көлемінің ұлғаюы еліміздің барлық өңірінде тіркелген, ең көбі – Қызылорда (жылына 16,5%), Батыс Қазақстан (14,3%), Ақмола (14,2%), Түркістан (12,7%) және Алматы (11,4%) облыстарында.

Айта кетейік, электр энергиясын тұтынудың мұндай өсімі өткен жылғы көрсеткіштерден күрт асып түседі. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде электр энергиясын тұтыну көлемінің өсімі тек 1,5%, 2019 жылы – 1,6% құраған болатын.

Тек биылғы жылдың қыркүйек айында секторда тұтыну көлемі 8,7 млрд кВт/сағ-ты құрады, бұл 2020 жылдың қыркүйегіне қарағанда 7,5% көп. Ең жоғары жылдық өсім Батыс Қазақстан (28%), Түркістан (15%) және Ақмола (13%) облыстарында байқалды.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай